Әлемдегі ең биік әткеншек

0
77

Әдетте 20 метр биіктікке көп адамның жүрегін шайлықтырып жатады, ал оған сағатына 60 километр жылдамдықты қосқан жағдайда, жүрек жұтқан ең батыл жанның өзі де бір қаймығар. Әлбетте, соншама биіктікте мұншама жылдамдықпен жүре қалған жағдайда кез келген ерікті жанның өлім мен өмір арасында ойға қалары анық.
Дегенмен, адамзат баласы қашанда өздерінің мүмкіндік­терін біліп отыруға құштар. Осы орайда, жуырда Стокгольм қаласында әлемдегі ең биік әткеншек ашылды. Eclipse деп аталатын аттракционның биіктігі 120 метрден асады. 24 орынды әткеншек Стокгольм қаласының ортасындағы Грена Лунд аттракцион паркін­де орна­ласқан. Eclipse әткен­шегінің ең жоғарғы айналу жыл­дам­дығы 70 км/сағ-қа тең. Өз кезегінде әр әткеншек жарыспа қос сызық арқылы бір шеңбер ішінде айналып қозғалады. Әткеншек қала орталығындағы «Gröna Lund» атты ең көне ойын-сауық саябағында орын алған.
Әткеншекке отырып, оны сынақтан өткізген алғашқы адам — швед астронавты Арне Кристер Фуглесанг.
Айта кетейік, National Geographic сайтының хабарлауынша, Дубай әлемдегі ең биік әрі үлкен әткеншек салмақшы екен. «Дубай көзі» деп аталатын бұл құрылыстың биіктігі – 210 метр көрінеді.

Жауап қалдыру