Әлемде жылына қанша пара алынады

0
35

Әлем бойынша жыл сайынғы пара көлемі триллион долларды құрайды. Оған қоса әлемдік экономика сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне байланысты тағы 2,6 триллион долларды жоғалтады. Бұл туралы БҰҰ жаңалықтар орталығы хабарлады.
БҰҰ жемқорлық кез кел­ген қоғамның әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуын тежейтін үл­кен қылмыс екенін еске салады. Бірде-бір мемлекет, бірде-бір аймақ сыбайлас жемқорлықтан сақтандырыл­маған. «Transparency Inter­national» ұйымының мәліме­тінше, Ресей, Украина және Қазақстан сыбайлас жем­қорлық индексімен әлем бойынша 131-ші орында тұр. Биылғы жылы БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы мен БҰҰДБ бірлесіп сыбайлас жемқор­лық­тың білім, ден­саулық сақтау салалары, әділет­тілік пен демократияға қалай ықпал ететінін түсін­діруді көздейтін бірлескен жоба науқанын жасауда.

Жауап қалдыру