Әлемде қару саудасы өсті

0
33

2016 жылы АҚШ қару сатудан әлем бойынша көш бастады. Екінші орында Ұлыбритания, үшінші орында – Ресей тұр, деп хабарлайды Deutsche Welle.
2016 жылы жаһандық қару нарығы соңғы бес жылда алғаш рет артты: Жаһандық қару саудасы 2015 жылмен салыстырғанда 1,9 пайызға, ал 2002 жылмен салыстырғанда 38 пайызға өсті. Мұны Сток­гольм әлем мәселелерін зерттеу институтының (SIPRI) 11 жел­тоқсан, дүйсенбі күні жаңартылған жаңа мәліметтері растайды. Баяндамада мәлім­денгендей, әлемнің 100 ірі қорғаныс концернінің жиынтық саудасының көлемі («Топ-100») 2016 жылы 374,8 млрд долларды құрады. Сонымен қатар, бұл көрсеткіште әлемдік көшбасшы ретінде АҚШ өз орнын сақтап қалды: 2016 жылы америкалық кәсіпорындар әскери өнімдер сатылымын 4 пайызға арттырып, 217,2 млрд долларға қол жеткізді.

 

Жауап қалдыру