Латуия орыс тіліне тыйым салды

0
50

Латуия президенті Раймонд Вейонис аз ұлтты мектептерді латыш тілімен оқытуға көшіру туралы заңға қол қойды. Енді Латуияда орта білімді тек мемлекеттік тілде ғана алуға болады. Бұған қатысты білім туралы заңға тиісті өзгетулер енгізілді.
Вейонистің айтуынша, бұл шара мектеп оқушыларына сапалы білім алуына және Латуияда жақсы өмір сүруіне мүмкіндік береді. Елдің әл-ауқатын жақсартып, қоғам­ның бірлігін арттыра­ды. Ла­тыш тілінде білім алуға толық көшу 2019 жылдың 1 қыр­күйегінен бастап 2021 жыл­дың 1 аяқталады.
Мектепке дейінгі білім екі тілде беріледі, ал бастауыш сыныпта – бірінші және алтыншы сынып арасында қостілді білім берудің үш үлгісі қолжетімді болады. Ал, жетінші және тоғызыншы сы­ныптарда мектеп пән­дерінің 80 пайызы, содан кейін 10-12-сыныптарда бар­лық пән латыш тілінде оқы­тылады.

Жауап қалдыру