Лаңкестер Баку-Тбилиси-Эрзурум газқұбырын жарып жіберді

0
65

Түркияның Карс провинция­сында лаңкестер Баку-Тбилиси-Эрзурум газқұбырында жарылыс жасады. Аталған провинция басшылығы террорлық әрекетті «Күрдстанның жұмыс­шылар партиясы» деген ұйым содырлары жасағанын хабарлады, деп жазады «ТАСС» агенттігі.
Жарылыс дүйсенбі күні кеш­ке Сарықамыс уезіні ма­ңындағы магистральда бол­ған. Жарылысты жасауға 20-ға жуық адам қатысқан. Жер­гілікті телеарналардың ха­бар­­лауынша құбыр арқылы газ өткізу тоқтатылып, өрт сөн­­дірілді. Оқиға орнына қауіп­сіздік құрылымдары ке­ліп, аудан жергілікті полиция мен әске­рилердің бақылауына алын­ды.

Жауап қалдыру