КХДР ресейліктер үшін виза алу тәртібін жеңілдетті

0
32

Солтүстік Корея ресейлік туристерге виза беру рәсімін жеделдетті. Енді өтініштер небәрі екі күннің ішінде қаралмақ.
Бұл туралы NKorean туристік компаниясының баспасөз қыз­меті хабарлады. «КХДР ресейлік туристер үшін виза беру мерзімін жеңілдетті. Енді Жаңа жыл мерекелері қарса­ңында елге келу үшін бері­летін өтініштер 1-2 күннің аралығында қаралады», – деп мәлімдеді компания өкілдері. Бұл ретте осыдан бір жыл бұрын Ресей азаматтары үшін виза беру мерзімі орташа алғанда 20 күнді құрағандығы айтылады. Хабарламада со­нымен қатар 2017 жылдың 9 айында Ресейден КХДР-ға жол тартатын туристер саны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда кемінде есеге артқандығы айтылады.

Жауап қалдыру