Кубаның жаңа басшысы сайланды

0
53

Куба мемлекеттік кеңесінің төрағасы болып Мигель Диас-Канель сайланды. Диас-Канельдің кандидатурасына 604 депутаттың 603-і дауыс берген.
Куба конституциясына сәйкес, Мемлекеттік кеңестің төрағасы мемлекет және үкімет басшысы болып са­на­лады және бес жылдық мерзімге сайланады. Жоғар­ғы мемлекеттік лауа­зымға жайғасқан 57 жастағы Диас-Канель, 2008 жылдан бері осы лауазымда отырған 86 жастағы Рауль Кастро­ның орнын басты. Бұл қыз­метке басқа кандидат­тар қаралмады. 2013 жылдан бас­тап Диас-Канель Мем­лекеттік кеңес төра­ғасының бірінші орынба­сары және Куба министр­лер кеңесінің төрағасы, яғни Кубаның билік иерархиясындағы екінші адам болды. Сонымен қатар, Рауль Кастро, кем дегенде 2021 жылға дейін елдегі жалғыз ресми саяси ұйым – Куба Коммунистік партиясы басшылығында қала береді және сол арқылы шешім қабылдау істеріне ықпалын жүргізе алады. Мемлекет басшысының қызметінен кеткен Рауль Кастро Гава­надан 1000 шақырым қа­шық­тықтағы аралдың шығы­сында орналасқан ел­дегі екінші қала Сантьяго-де-Кубада тұратын болады деген пікірлер бар.

 

Жауап қалдыру