Кепілдегі жолаушылар босатылды

0
58

Дүйсенбіде Мысырда бортында 55 жолаушы және 7 экипаж мүшесі бар Александриядан Каирге бағыт алған Egypt Air әуе компаниясының ұшағын белгісіз біреу басып алып, түрмеде отырған әйел жақтасын босатуды талап еткен.
Кепілге алынған ұшақ Кипрге қонып, келіссөздер жүрді. Артынша күдікті жергілікті полиция қызметкерлерімен мәмі­леге келіп, кепілдегі жолаушылардың барлығын босатып, тек ұшқышты ғана ұстап отырған. Кипр полициясының жедел әрекет ету жасағы Egypt Air әуе компаниясының жолаушылар ұшағын басып алған күдіктіге қарсы операция жүргізіп, оны қамауға алды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Күдікті Каир университетінің профессоры болып шықты. Кипр Президенті Никос Анастасиадистің айтуынша, бұл ешқандай да лаңкестік әрекет емес, ол тек өзінің әйел жақтасының азаттығын қалаған.

Жауап қалдыру