Кеме апатынан 45 мигрант қаза тапты

0
35

28-ма­мыр күні Италияда мигранттар мінген кеме апатқа ұшырады. Бүгінде 45 мигранттың мәйіті табылды. Сондай-ақ 135 адам құтқарылды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Кемеде болған өзге адамдар іздестіріліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша бортта шамамен 350 адам болған. Италияның жағалау күзетінің хабарлауынша, аптаның ба­сынан бері Жерорта теңізінде 14 мың мигрант құтқарылды. Олар Ливиядан Италияға теңіз арқылы жетпек болған.

Жауап қалдыру