Кеме апатынан 400 адам қаза тапты

0
79

Жерорта теңізінде Либиядан Италияға бағыт алған кеме апатқа ұшырап, салдарынан 400 адам қаза тапты.
Италия ақпарат құралда­ры Save the Children гуманитар­лық ұйы­мының мәлімде­ме­сі­не сіл­теме жасай отырып, бұл хабарламаны апаттан тірі қа­лып, таяу күндері Италияға ке­ліп жеткен адамдардан алын­ға­нын хабарлап отыр. Қаза болған­дар­дың арасында жастар өте көп, кә­мелет жасына толмаған­дар да болуы мүмкін. Айта кетейік, қа­за болғандар – Италияға заң­сыз жолмен бара жатқан эмигранттар.
Save The Children ұйы­мы­ның мә­лім­етінше, 11-13-сәуір ара­лы­ғын­да Сицилия, Лампедузе, Калибрия және Апуллиге 5 мың мигрант барған. Олар­дың ішінде шамамен 450-і балалар. Олардың 317-сі ересек­тері­мен бірге қайықпен жүзіп бар­ған.
Сонымен қатар, басылымда ауа райы қолайлы болса миг­рант­тар­дың Еуропаға Жерорта те­ңізі арқылы оңай жете алатыны жазыл­ған. Өт­кен демалыс күн­дерінің ішінде Италия­ның те­ңіз күзеті 7 мың адамды құт­қа­рып алды.
Айта кетейік, өткен жылы Еу­ро­па­ға 220 мың мигрант заң­сыз кірген. Жыл басынан бе­рі Еуропаға Жерорта те­ңі­зі­мен өткісі кезлген 3 мың адам суға кетіп өлді.

Жауап қалдыру