«Кәрімов дуалы» бұзылды

0
118

Өзбекстанның Самарқан облысы және Тәжікстанның Соғды облысын қосатын «Саразм – Джартепа» бақылау-өткізу пунктінде тұрған үлкен дуал бұзылды. Халық арасында бұл ғимарат «Кәрімов дуалы» деп аталып кеткен. Оның ұзындығы – 10 мың метр, биіктігі – 3 метр. Ол 2010 жылы өзбек билігінің бастамасымен тұрғызылған.
Дуалды бұзған кезде Өзбекстан және Тәжікстан ше­ка­ра­шыларының деле­гациясы болды. «Саразм-Джар­тепа» БӨП-ке жақын жердегі Пенджикент ауда­нын­­дағы «Саразм» ауы­лы­ның тұрғыны Осим Жа­мо­лов­тың айтуынша, жергі­лікті тұрғындар шека­ра­дағы өзгерістерді екі ел арасын­дағы қарым-қа­ты­насты жақ­сарту үшін жа­салып жатыр деп есеп­тейді.
«Біз бұрын жақын жер­дегі өзбек қалаларына бара­тынбыз. Самарқанға барып азық-түлік алатынбыз. Өйт­­кені Соғды ауданының ор­та­лығы Ходжанд қаласы біздің ауылдан алыс. Ал Са­марқан одан бірнеше есе жақын. Ходжанға дейін 250 км болса, Самарқан 36 ша­қырым жерде тұр», – дейді Тәжікстан азаматы. «Са­разм – Джартепа» БӨП келесі айдың ортасында ашы­лады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Пенд­жи­кент ауда­нының радиосы ха­бар­лады.

Жауап қалдыру