Израиль Сирия әскери базаларын атқылады

0
73

Сирияның мемлекеттік ақпарат құралдары мен тәуелсіз дереккөздері сәрсенбіге қараған түні Дамаскінің оңтүстігіндегі үкіметтің әскери базасына зымыранмен шабуыл жасалғанын хабарлады.
Израиль күштері әскери базаға АҚШ прези­денті Дональд Трамп Вашинг­тон­ның Иранмен ядролық келісім­нен шыққанын мәлім­­де­геннен кейін соққы берген. Сириялық SANA ақпарат агенттігігің мәліметінше, зымырандар атып түсірілген. Лондонда орналасқан сириялық адам құқығын бақылайтын орталық өз дереккөзіне сүйеніп, атқылау кезінде ирандық әскери техникалардың жойылғанын және ирандық немесе Иранды қолдайтын бірнеше әскери адамның қаза тапқаны туралы хабарлады. Израиль қорғаныс министр­лігі бұл жолы да Сириядағы нысандарға зымыран соққы­сын жасауына байла­нысты пікір білдірмеді.

Жауап қалдыру