Италия президентіне импичмент жариялануы мүмкін

0
47

«Бес жұлдыз» еуроскептиктердің итальяндық саяси қозғалысының жетекшісі Луиджи Ди Майо Италияның бүгінгі президенті Серджо Маттареллаға қарсы шығу туралы ұсыныс жасады. Ди Майо Италияның Конституциясына сілтеме жасай отырып мемлекеттің парламентіне президентке импичмент жариялау туралы мәселені енгізуді ұсынды. Саясаткердің пайымынша, бұдан кейін елде қайтадан парламенттік сайлау өтуі керек. Италиялық конституцияға сай, мемлекет басшысы бес партия ұсынып отырған министрлер кандидатурасы мен премьер-министрді тағайындауы керек.
Үкіметті құрудағы сәтсіз­дікке президенттің «Бес жұлдыз» қозғалысының ұсы­ны­сын қабылдамауы се­беп болған. Бұл қозғалыс эко­номика министрі қызме­тіне өзін ұсынған. «Мен эконо­ми­ка министрі қызметінен бас­қа барлық ұсынылған ми­нистрлер кандидатурасын бекіттім», – деп жария түрде мәлімдеді Италия басшысы.
Елдің премьері қызметін атқарған Джузеппе Конте 27 мамырда бұндай жағ­дайда үкімет құрыл­май­ты­нын мо­йын­дап, өзі­нен министр­лерді таға­йындау міндетін алып тастады. Егер жаңа үкіметті құру бо­йынша жа­ғдай өз­гер­­месе онда Ита­лия­ны жаңа сай­лау күтіп тұр

Жауап қалдыру