Исламофобиялық саясат – терроризмді тұтатушылық

0
126

БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриштің сөзінше, исламофобия халықаралық деңгейде терроризм мен егеске себепші. Бұл туралы ол 12-ақпанда Эр-Риядта Сауд Арабиясының королімен және осы елдің басқа да билік өкілдерімен кездесуінде айтты.
«Әлемнің кейбір аймақ­тарындағы исламо­фобиялық көңіл-күй, исламофобиялық әңгіме мен саясат – терроризмді тұтатушы проблемалардың бірі. Кейде бұлар «Ислам мемлекеті» ұйымының өз үгіт-насихатын таратуына қолдау көрсетеді», – деді Гутерриш.
Мигранттарға қарсы пікірлер қатқыл айтылатын елдердің бірі – Францияда президенттікке басты кандидаттардың бірі Марин Ле Пен. АҚШ президенті Дональд Трамп өткен айда мұсылмандар басым тұратын жеті ел азаматтарының АҚШ-қа кіруіне уақытша тыйым салатын жарлық шығарған.

 

Жауап қалдыру