ИШИМ қаржы министрі өлтірілді

0
60

Коалиция күштері соңғы аптада Сирияда «Ирак пен Левант» лаңкестік тобының бірқатар басшыларының көзін жойған, солардың ішінде Хаджи Имам да бар, бұл туралы Пентагон басшысы Эштон Картер мәлімдеді.
Хаджи Имам ұйымның қаржы министрі есебінде және содырлардың рухани жетекшісі болған. Сонымен бірге ол Абу Бакр әл-Бағдадидан кейін екінші адам болған. АҚШ тарабы өткен жылы Хаджидің қайда жасырынғаны туралы қандай бір ақпарат бергендерге 7 млн доллар сыйақы жария­лаған еді. Пентагонның хабар­лауынша әскери операция кезін­де бірнеше дала коман­дирінің де көзі жойылған.

Жауап қалдыру