Ірі халықаралық банк банкроттықтың алдында тұр

0
192
Building and note bank (done in 3d)

Әзербайжанның халықаралық банкі банкроттықтың сәл-ақ алдында тұр. Аталған қаржы ұйымы елдегі валюта тапшылығы салдарынан сыртқы қарызын төлей алмай отыр.
Енді, банк басшылығы креди­торлармен берешекті қайта құрылымдау бойынша келіс­сөздерді бастауды жоспарлап отыр.
Ресми мәліметке сәйкес, 10-мамырда Әзербайжанның халықаралық банкі өзінің негізгі қарызы мен несиенің мөлшерлемесін өтеу үшін 100 млн АҚШ доллары көлеміндегі төлемді өткізді. Қарыздың тағы бір бөлігін Әзербайжанның құнды қағаздарына айырбастау жоспарланып отыр.
Сонымен бірге, шетелдік валютамен берілген несиені қайта құрылымдау мәселесі міндетті түрде қаралатын болады. Оған кредиторлардың қолдауы қажет. Себебі қарыздың жартысынан көбі – кредиторлардың ақшасы.
«Төлемдерді тоқтату туралы шешімнің өкінішті жағдай екенін түсінеміз. Қазіргі кезде Әзербайжанның халықаралық банкінің жұмысын қалпына келтіру үшін шұғыл шараларды қолға алу қажет» – делінген банктің ресми хабарламасында.

 

Жауап қалдыру