Иран Сирияға зымыранмен соққы жасады

0
17

Иран әскері Ахваз терактісін ұйымдастырғандарға және олардың Сирияда Евфрат өзенінің шығыс жағалауында орналасқан нысандарына зымыранмен соққы жасады.
Әлемдік БАҚ өкілдері тарат­қан ақпаратқа сәйкес, Ислам революциясы сақ­шы­лар корпусы (ИРСК) әуе-ғарыш дивизиясы ар­қылы Сирияға зымыран атқы­латқан. Еске сала кетсек, 22 қыркүйек күні Иранда белгісіз біреулер әскери шеру кезінде көрермендер арасынан халыққа қарай оқ атқан болатын. Салдарынан 28 адам қаза тауып, 60 адам зардап шекті. Арасында балалар мен аналар да бар. Шабуыл жасаған 4 адамды құқық қорғау органдарының қызметкерлері қарсы оқ атып, тоқтатқан еді.
БАҚ таратқан мәліметтерге қарасақ, терактіге жауапты Сауд Арабиясымен байла­нысты деп танылған «Ах­ваз­дағы патриоттық араб демократиялық қоз­ғалы­сы» ұйымы өзіне алған. Бү­гінде бұл ұйымның басты нысандары Сирияда орна­ласқаны белгілі болып отыр.

Жауап қалдыру