Ирактың жаңа президенті сайланды

0
24

Күрдістан патриоттық одағынан кандидат Бархам Салех Ирактың жаңа президенті болып сайланды. Республика парламентінде өткен сайлау қорытындысы бойынша, Салехке 165 депутат дауыс берді. Дауыс беру барысын As Sumariya телеарнасы тікелей эфирден көрсетті.
Отырысқа парламенттің 329 депутатының 301-і қатысты. Спикер Мухаммеду аль-Халбуси дауыс беруге қажетті кворумды үшінші әрекеттен кейін жинай алған. Дауыс берудің алғашқы раундында жеңімпаз анықталмады. Се­бебі кандидаттардың еш­қай­сысы дауыстың үштен бірін жинай алмады. Екінші раундтың қорытындысы бойынша ел президенттігіне кан­дидат көпшіліктің да­уысына ие болуы тиіс бол­ды. «Бағдадтан түсіп жат­қан ақпаратқа сәйкес, жаңадан сайланған көшбас­шы алдағы таяу уақытта елдің Жоғарғы федерал­ды соты және парламент­шілері алдында ант қабылдайды. Салех қолға алатын алғашқы міндет – премьер-министрді тағайындау және үкіметті жасақтауға мандат беру», – деп жазады ТАСС агенттігі.

Жауап қалдыру