Ирак Талль-Афарды қайтару операциясын бастады

0
84

Ирактың қауіпсіздік қызметі Тааль-Афар қаласын «Ислам мемлекеті» діни ультра-радикалдар тобынан қайтарып алу операциясына кірісті. Елдің премьер-министрі Хайдер әл-Абади 20 тамызда теледидардан үндеу жолдап, шабуылдың басталғанын мәлімдеді.
Мосулдан 80 шақырым қашықта тұрған Тааль-Афарды исламшыл экстремистер бірнеше жыл бойы негізгі бекінісіне айналдырып алған. 2003 жылы АҚШ Иракқа басып кірген соң, сүнниттер мен шииттердің арасындағы ірі қақтығыстар да осы аймақта болған, ИМ-нің бірқатар жетекшісі деп осы өңірден шыққан.
Үкімет әскері Тааль-Афар­ды ИМ-нің қоластындағы территориядан биылғы мау­сымда кесіп тастап, оқшау­лай қоршап алған. Қаланы қайтару операциясына әскермен бірге оңтүстіктегі шиит жасақтары мен солтүстіктегі Пешмерга күрд қарулы топтары қатысып жатыр.

Жауап қалдыру