Ирак Түркияға құбыр тартуды бастады

0
14

Мұнай құбыры Ирактың Киркур қаласынан Түркияның Джейхан портына мұнай жеткізетін болады, деп хабарлайды «Анадолы» агенттігі Ирак Мұнай министрлігінің баспасөз хатшысы Асим Джихадқа сілтеме жасап.
Мұнай министрі Джаббар әл-Луәйби Беджи ауданынан шекаралық аумақта орналасқан Фишабурға дейін созылып жататын мұнай құбырын төсеуге тапсырма берді.
Жаңа құбыр лаңкестердің шабуылынан жарамсыз болып қалған құбырға балама ретінде салынады.
Құбыр құрылысымен айналысатын компания өкілдері жуырда министрлікке шақы­рылады.

Жауап қалдыру