Ингушетиядағы жер дауы

0
67

Ингушетияда Шешенстан мемлекетімен арадағы шекаралық келісімге байланысты туындаған дауды шешу үшін шақырылған кезектен тыс халықтық жиналыс өтпей қалды. Бұған себеп – халықтық жиналыс өткізуге тиесілі кворум санының жетіспеушілігі.
Ингушетия жергілікті пар­ламенті 4 қазан күні Ше­шен­стан мемлекетімен ше­караны ратификациялау жайлы заң қабылдаған бо­ла­тын. Бұл заңға сол күні-ақ Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуров қол қой­ған. Алайда көп ұзамай Ма­гас қаласында бұл заңға қарсы наразылық шеруі бас­талды. Шеруге келген халықтың пікірінше, шека­раны рати­фикациялау жайлы дауыс беру құпия түрде өткен. Одан қалды Ингуше­тияның біраз жер бөлігі Ше­шенстан мемле­кетіне тиесілі деп көрсетілген.
Бүгінде алаңға шыққан наразы халық Шешенстан мемлекетімен шекараны ра­тификациялау жайлы заң күші жойылып, әділ дауыс беру өтсін деген талап қоюда. Бірақ Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуров «Шешенстанға ешқандай да жер бөлігі берілген жоқ. Мұның барлығы жалған. Біз тарихи құжаттарға ғана сүйендік», – деп отыр.
Еске сала кетсек, Шешен­стан мен Ингушетия ара­сында 1991 жылдан бері шешіл­мей келе жатқан шекаралық аймақтар бар.

Жауап қалдыру