Илон Масктың әзілі қымбатқа түсті

0
22

2 көкек күні компания басшысы Илон Масктың әзілі мен кісі өліміне себепші болған жол-көлік оқиғасынан кейін Tesla акциялары 5% арзандады. Дүйсенбідегі Нью-Йорк қар­жы биржасының нәтижесі бойынша Tesla компаниясының акциялары 5,1 процентке арзандады. Бір данасының құны – 252 доллар.
Акциялардың арзан­дауына компания­мен бай­ла­ныс­ты болып жатқан оқиғалар себепші. Есте­ріңізге сала кетсек, 23 наурыз күні Tesla Model X автопилот режимінде апатқа түсті. Оқыс оқиғадан автомобиль өртеніп, ауыр жарақат салдарынан жүргізуші қайтыс болды.
25 наурыз күні компания S моделіндегі 123 мың седан рөлінің гидрокүшейіткішінде ақау барын хабарлады. Кейін халықаралық Moody›s агенттігі Tesla рейтингін төмендетті. Одан қалды Маск 1 көкек күні Tesla компания­­сының банкротқа ұшырағанын жазып желі қолдан­у­шыларымен әзілдесті. Компания басшысы өзінің Twitter желісіндегі парақша­сында Tesla компания­­сының банкротқа ұшыра­ғанын жазды. Кейін оның осылайша желі қолданушыларымен әзілдескені белгілі болды. Осының салдарына Tesla компаниясы қомақты қаржы жоғалт­­ты.

Жауап қалдыру