Ика тастары

0
75

Ика тастары – түрлі бейнелер өрнектелген, мұз дәуірінен қалған тау жынысты тастар жинағы. Тастар алғашқыда Перу­дегі Ика қаласының ма­ңынан табылғандықтан, Ика аталып кеткен. Олардың көлемі мен салмағы әртүрлі. 15-20 грам­дық кішкентайларымен қа­тар, жарты тоннаға дейін же­те­тін, биіктігі бір жарым метрді құрайтындары да ұшы­ра­сады. Қарбыз тәріздес түр­лері кең таралған болып есеп­телінеді. Әдетте қара түсті болып келетін тастардың сұр, қызғылт реңділері де кездеседі. Қылқалам шеберлерінің бірегей туындысына ұқсайтын өрнек­телген тастардың пайда болу кезеңі тереңде делінгенімен, олардың нақты қай дәуірге жататыны анықталмауда. Өйт­кені тау жынысты тастар құра­мында органика болмай­ды. Кей ғалымдар бұл жәдігер­лер Колумб келгенге дейін жа­салған болуы керек деп тұс­пал­дайды. Алайда кейінірек олар­дың көшірме түрлері де көптеп таралып кеткен. Дей тұрғанмен, бастапқыда суреттер бейнеленген тастар аз көлемде болса да табылғандығы анық.
Ерекше тастар алғашқыда өткен ғасырдың 60-жылдарында Перудегі антикварлық қара ба­зарларда сатыла бастаған. Олар­ды құнды заттарды ұрлаушы «уакейрос» атты кәсіби қарақ­шылар тобы сатқан. Алғаш ағайынды Карлос пен Пабло Сольди оларға көңіл аударып, солардың коллекциясын жина­ды. Артынша, ескі жәдігер жи­нау­шы адамдар арасында бұл тастар жоғары бағаланатын болған.

Жауап қалдыру