И. Кәрімовтың жағдайы әлі де белгісіз

0
48

28-тамызда Өзбекстан үкіметі президент Ислам Кәрімовтың науқастанып, ауруханаға түскенін мәлімдеді.
Ресми ақпаратқа сәйкес жергілікті дәрігерлер Кәрі­мовты «медициналық тек­серуден өткізу мен емдеу шаралары біразға созыла­тынын» айтқан. Ал 29-тамызда Кәрімовтың кіші қызы Лола Кәрімова өзінің Facebook-тегі парақшасында әкесінің миына қан құйылып, жансақтау бөлі­мінде жатқандығын хабар­лады.
Артынша әлемдік баспасөз беттерінде Өзбекстан Прези­дентінің 29-тамызда дүние салғандығы жөнінде бейресми ақпар тарап кетті. Алайда ол хабарды ресми Ташкент растай қойған жоқ. Өзбекстанның өз ішіндегі жағдай қалыпты. Кеше онда Тәуелсіздік күні тойланды. Ал Өзбекстанды 1989 жылдан бері басқарып келе жатқан 78 жастағы Ислам Кәрімовтың жағдайы белгісіз күйде қалуда.

Жауап қалдыру