Google жоғалған смартфондарды тауып беретін қызметін іске қоспақ

0
171

ИТ-алыбы Google жоғалған немесе ұрланған смартфондарды із­дес­тіру қызметін іске қосатынын мәлім етті, деп жазады ше­тел­дік БАҚ.
Оларды Google Chrome брау­зерінің көмегімен табу­ға бо­лады. Смартфонды табу үшін Google-ге «find my phone» сұ­ра­уын салсаңыз болға­ны, оның ие­сі екеніңізді нақты­ла­ған соң кар­тада оның болуы мүм­кін же­рі көрсетіледі. Смартфонның қай­да жерде екенін дәл анық­тау үшін дыбыстық белгі беру қыз­ме­ті қосылады, ол бес минут бойы үздіксіз белгі беріп тұ­ра­ды.
Сондай-ақ смартонды қа­шық­тық­тан бұғаттауға немесе он­да­ғы мәліметтерді жойып жі­беру­ге болады. Бұл функция тек Android мобильді опера­ция­лық жүйе­сінде, сондай-ақ ОС Android Wear сағаттарына ар­нал­ған жүйеде жұмыс жасайды.

Жауап қалдыру