Гүржістанда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді

0
27

Гүржістандағы президент сайлауында дауыс берудің екінші кезеңі өтетін болды. Гүржістан Орталық сайлау комиссиясының 29 қазан күні таңертең хабарлауынша, бюллетендердің 96 пайызын санағандағы көрсеткіш бойынша кандидаттардың ешқайсысы президент болып сайлануға қажетті 50 пайыздық межеге жете алмады. Сайлауда басты үміткерлер саналатын бұрынғы сыртқы істер министрі Саломе Зурабишвили 38,6 пайыз, оған басты қарсылас саналатын «Біріккен ұлттық қозғалыс» партиясының үміткері Григол Вашадзе 37,7 пайыз дауыс жинады.
Орталық сайлау комис­сиясы сайлаудың алғашқы ке­зеңінде тіркелген үш мил­лионнан астам сайлау­шы­ның 46,7 пайызы дауыс бер­генін хабарлады.
Премьер-министр Мамука Вах­тадзе сайлау учаскелері жа­былған соң дауыс беру­дің «бейбіт, еркін және де­мок­ратиялық ауанда өт­кенін» мәлімдеп, гүржіс­тан­дықтарды құттықтады. Гүржістанда жал­пыхалықтық президент сай­лауы соңғы рет өтіп отыр. 2024 жыл­дан бастап президентті парла­мент пен сайлаушылар кол­ле­гиясы сайлайды.
Парламент спикері Иракли Кобахидзе сайлаудың екінші кезеңі 1 желтоқсаннан ке­шіктірілмей өткізілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Жауап қалдыру