Гүржістан «Шенген аймағына» қосылды

0
82

Еуропарламент Гүржістан азаматтарының «Шенген аймағы» елдеріне визасыз баруын қолдап, дауыс берді.
Еуропарламенттегі дебат кезінде депутаттардың көпші­­лігі визасыз жүйеге Гүр­жістанды қосу туралы шешімді қолдады, бірақ Ұлыбри­тания және Голландия депутаттары мұндай шешімге әлі ерте деп отыр.
Бұған дейін Еуропарламент мүшесі Мария Габриэль Гүр­жістан жөнінде баяндама жасап, осы ел­дің тұрғындарының ЕО ел­деріне биыл наурыз айынан бас­тап визасыз бара алатынын айт­ты.
Еуропарламент отырысын грузиндік телеарналар тікелей эфирде көрсетті. Отырыста қандайда бір заң бұзушылық болған жағдайда, Еуроодақ визасыз жүйені алып тастай алатыны айтылды.

Жауап қалдыру