Францияның үстінен сотқа шағым түсті

0
24

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотқа Полинезияда жүргізілген ядролық сынақтар салдарынан адамзатқа қарсы жасалуы мүмкін қылмыстар үшін Францияның үстінен талап-арыз түсті. Бұл туралы сейсенбі күні франциялық Полинезияның бұрынғы президенті Оскар Темаруға сілтеме жасап Франс Пресс агенттігі хабарлады.
«Бойымызды борыш пен батылдық сезімі кернеген біз 2 қазан күні Халықаралық қылмыстық сотқа адамзатқа қарсы жасалған қылмыс үшін шағым түсірдік», – деп келтірілген О.Темарудің сөздері. «Бұл іс елімізге қарсы ядролық сынақтар үшін жауапты болған Францияның қазіргі кезде көзі тірі барлық пре­зиденттерін жауапқа тартуға бағытталған», – деп қо­сып өтті ол. Францияда 1960-1996 жылдар аралы­ғында 210 ядролық сынақ жүргізілген, соның ішінде 17-сі Алжир аумағындағы Са­хара шөлінде, 193-і фран­циялық Полинезияның Фан­гатауфа және Муруроа атол­дарында (інжу аралдары) болды. Сынақтар салдары­нан бірнеше мыңдаған адам­ның ден­саулығы нашарлады. Фран­цияға қарсы шағым­дар түсірген шамамен мың адам­ның жиырмасына жуы­ғына ғана компенсация төленді.

Жауап қалдыру