Франциялық отбасы лотереядан 83 млн еуро ұтты

0
154

Францияның Дижон қаласында тұратын отбасы 2,5 еуро тұратын EuroMillions лотерея билетін сатып алып, 83,4 миллион еуродан асатын суперджекпот ұтып алды.
Бұл туралы Parisien газеті хабарлады. Басылымның жа­зу­ынша, мұндай ұтыс 116 миллионнан бір адамға түсуі мүмкін және көлемі жағынан EuroMillions тарихындағы алтыншы ұтыс атанды. Мол қаржыға ие болған отбасы өз есімдерін атамауды және ақшаны жұмсау жоспарымен бөліспеуді жөн көрді.

Жауап қалдыру