Франция жанар-жағармай бағасына мораторий жариялады

0
19

Франция үкіметі жанар-жағармай бағасы мен алым-салықты көтеру шешіміне алты айлық мораторий жариялады. Бұл жайлы Франция премьер-министірі Эдуар Филипп хабарлады. Сондай-ақ электроэнергия мен газ бағасы да өзгеріссіз қалатын болды.
Еске сала кетсек, Фран­ция­да жанар-жағармай, элект­­­р қуаты мен газ баға­сын қымбаттату жайлы ше­­шім қабылданған бола­тын. Бұған қарсы халық Париж көшелеріне шығып, нара­­зылық акциясын өт­кізді. Наразылық шеруі үш аптаға созылып, ақыры билік халық талаптарын орын­дай­­тындығын мәлімдеген. Бү­гінде Францияда жанар-жағар­май бағасы жыл басы­нан бері 20%-ға қымбаттап, 1 литрі 1,51 евроны құраған.
Ал бұл жайлы Франция пре­зиденті Эммануэль Мак­рон: «Біз жанар-жағар­майға қатысты баға мен салықты көтеру арқылы, елде таза экологиялық энергия өн­діруді дамытпақпыз. Бұл ше­шімге бүгін немесе келешекті бәрібір келетін боламыз. Сондықтан халықтан қол­дау сұраймыз», – деп мәлімдеген.

Жауап қалдыру