Forbes қаламақысы жоғары жазушыларды жариялады

0
199

Халықаралық Forbes журналы әлемдік қаламақысы жоғары шығармашыл адамдардың тізімін жариялады. Тізімге 11 жазушы кірген.
Forbes журналының тұжы­рымы бойынша Джеймс Пат­терсон 2018 жылдың ең қымбат жазушысы деп танылды. Паттерсон бір жыл ішінде 86 млн доллар тап­қан. Мұндай ақшаны оған инспектор Алекс Кросс ту­ра­лы романдар сериясы әкел­ді.
Екінші орында 54 млн дол­лармен Джоан Роулинг тұр. Жасөспірім сиқыршылар ту­ралы ертегі әлемінің ав­торы былтырға қарағанда аз пайда тапты. Оның та­бы­сы 41 млн долларға қыс­қарды. Осылайша Роулинг рей­тингтегі бірінші орнынан айрылып қалды.
Forbes тізіміндегі үшінші орын­ды әйгілі Стивен Кинг ием­денді. Оның жылдық та­бы­сы 27 млн долларды құ­ра­ды. 23 мамырда оның «Аут­сайдер» романы шық­ты.
Бұдан әрі тізімде Джон Гришэм (21 млн доллар), Джефф Кинни (18,5 млн дол­лар), Дэн Браун (18,5 млн доллар), Майкл Вольф (13 млн доллар), Даниэла Стил (12 млн доллар), Нора Ро­берст (12 млн доллар) жай­ғас­ты.
Соңғы орындарды Рик Риор­дан (10,5 млн доллар) мен Эрика Леонард Джеймс (10,5 млн доллар) өзара бө­ліс­ті.
Осы аталған 11 жазушы бір жылда 283 млн доллар пайда тауып, АҚШ-тың өзін­де 24,5 млн кітап сатқан.

Жауап қалдыру