Facebook жалған ақпараттарға қарсы күресті күшейтті

0
44

Facebook желісі негізсіз жаңалықтарға қарсы бірқатар шаралар қолдануда. Күнделікті миллиондаған жалған аккаунттарды өшіріп фото және видео материалдардың шынайылығын тексеріп келеді. Facebook мамандары журналистерге компанияның қауіпсіздік саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ТАСС.
Facebook-тегі қауіпсіздік күштерін үйлестіретін Гай Розеннің айтуынша, негізгі күш-жігер «сыртқы интер­ференцияға» қарсы тұруды, әлеуметтік желіден жалған шоттарды алып тастауды, әлеуметтік желілерде жарнама орналастыруды ашық және процедуралық жаңа­лық­тар таратуды азай­туға бағытталған. Facebook сарапшылары контра­фактілік шоттармен күресу бойынша бай тәжіриб­е жинақтап үлгерген. Өз кезегінде жаңа бағдар­ламалық өнімдермен айналысатын Самид Чакрабарти ештеңеден қорықпау керектігін айтты. «Қазір біз осындай деңгейдеміз, яғни пайда болған сәтінен бастап күнделікті миллиондаған жал­ған шоттарға бөгет жа­сай ала­мыз, олар бізге еш­қан­дай зиян келтіре ал­май­ды», – деді ол. Facebook компаниясының айна­ла­сын­да британдық Cambridge Analytica фирмасы әлеумет­тік желідегі миллион­да­ған қолдану­шының жеке мәлі­меттерін қолдануына бай­ланысты шу шыққан болатын. Бұл туралы The New York Times хабар­лаған. Cambridge Analytica компа­ниясы 50 млн қолданушының саяси көзқарасын білу үшін олардың жеке мәліметтеріне қол сұққан. Өткен аптада Channel 4 британ арнасы аталмыш компанияның әлемдегі 200-ден астам сайлауға араласып, жем­қорлық пен арандатуға кан­дидат­тарды қаралайтын ақ­парат таратуға жол бер­генін анықтады. Енді бұл шуға қатысты Еуропар­ла­мент тек­серу жүргізуді көз­деп отыр.

Жауап қалдыру