Ереванда экс-президентке қарсы наразылық акциясы өтті

0
25

Ереванда оппозиция жақтастарының азаматтық мойын­сұнбау акциясы өтіп жатыр. Наразылық шеруі өтетін күн алдын ала жарияланған. Олар парламенттің 17 көкекте бұрынғы президент Серж Саргсянның Армения премьер-министрі қызметіне ұсынуды дауысқа салуына қарсы шықты.
«Азаматтық келісім» партия­сының жетекшісі, акция­ны ұйымдастырушы Никол Па­шинян жақтас­тарымен бірге Ереван орталығындағы бір­неше көшені бөгеп тастады. Оған студенттер қосылды. Метро қозғалысы 10 минутқа тоқтады, бірнеше көпір бөгелді, деп хабарлады Аза­тутюн радиосы. Армения полициясы «белсенділердің барлық әрекетін заңсыз» деп атап, «азаматтардың еркін жүріп-тұруына бөгет жасады» деп сынады.
Николай Пашинян бастаған шерушілер полицияның бір­неше қоршауын бұзып өтті. Олар полициямен қақты­­ғысты қаламайтынын, акция­ларының бейбіт екенін қол­дарын көтеру арқылы көр­сетті.

Жауап қалдыру