Дубай полициясының төрттен бірі робот

0
78

Дубайда алғашқы робот полицей қызметке кірісті. Оның қатарға алынатыны былтыр жария етілген болатын.
Робот полицейдің бойы 170 см, салмағы 100 келі шамасында. Ол 1,5 метр қашықтықтан қолмен жасалған ишараны түсінеді. Алгоритмдер көмегімен адамның эмоциясын да тануға қабілетті.
Адамның көңіл күйіне қарай робот адаммен байланысудың жолдарын таңдайды. Ол адамның жүзін 20 метр қашықтықтан анықтайды, яғни қылмыскерді іздеумен айналысады. Аппарат сауда орталығында, сонымен қатар көшелерде қоғамдық тәртіпті қадағалайды. 2030 жылы робот полицей жергілікті полицияның төрттен бірін жасақтайды деп күтілуде. Биыл құлтемірден ғана тұратын полиция учаскесі ашылмақ.

Жауап қалдыру