Дрон балаларды құтқарды

0
113

Аустралия жағалауларында ұшқышсыз ұшатын құрылғы суға ағып бара жатқан екі жеткіншекті құтқарды, деп жазады ВВС.
15 және 17 жастағы жасөспірімдер Оңтүстік Уэльс штатының Леннокс-Хед жағажайынан қауіпті аумаққа өтіп кеткен. Олар жағалаудан 700 метр алыстап кетіп, биіктігі 3 метр болатын толқындарға тап болған. Оларды алғаш болып демалушылар байқаған. Құтқарушылар бірден дронның көмегіне жүгінген. Дрон суға ағып бара жатқандардың үстінен құтқару құралдарын тастаған. Соның арқасында жасөспірімдер жағаға аман-есен жеткен. Оңтүстік Уэльс штатының премьер-министрінің орынбасары Джон Бариларо бұл оқиғаны тарихи деп атады. «Бұған дейін ешқашанда адамдарды құтқару жұмыстарына дрон пайдаланылмады. Бұл алғаш рет болды», – деді ол.

Жауап қалдыру