Дональд Трамп күніне 22 рет өтірік айтады

0
35

Халықаралық фактілерді тексеру күні қарсаңында CNN Дональд Трамптың айтқандарының рас-өтірігіне қатысты зерттеу нәтижелерін жариялады.
«Президент қызметіне кіріскен 801 күнде АҚШ пре­зиденті Дональд Трамп 9 451 жалған мәлімет айт­ты. Мұндай зерттеуді Washington Post редакциясы жүргізді», – деп жазады басы­лым. Мақалада атап өтілге­ніндей, «Дональд Трамп­тың өтірік айтатыны ешқандай да жаңалық емес». Дегенмен, басылым соңғы алты айда Америка басшысының айтатын өті­рі­гінің тым көбейіп кет­ке­нін алға тартып, осыны жаңа­лық деуге болатынын жазып отыр. «Соңғы 200 күнде Дональд Трамп күніне 22 өтірік айтқан екен. Бұл президенттік қызметке кіріскен алғашқы жылға қарағанда 5,9 есе көп болып тұр», – делінген ақпаратта.

 

Жауап қалдыру