Денсаулық туризмі

0
27

21-қыркүйек күні Алматы қаласы «Grand Voyage» қонақ үйінде Малайзия елінің медицина саласындағы миссиялық бағдарламасының тұсаукесері өтті.
Тұсаукесерде бүгінгі малай елінің аталған саладағы қол жеткізген жетістіктері, меди­циналық тауарларды өндіру мен қызмет көрсету саласындағы жетекші компаниялар жұмысының бағыты мен барысы таныстырылды. Миссияның мақсаты медицина және денсаулық сақтау саласы бойынша малайлық тауарлар мен қызмет түрлерінің экспорт көлемін арттыруы болып табылады.
Жиын барысында дәрі-дәр­мек­тен бастап, медициналық өнім­дер мен құралдарын, сон­дай-ақ медициналық қызмет­терін ұсыну мақсатында келген малайлық компаниялар жайлы ақпараттар келтірілді. Әр компания өкілдері өздерінің қызметі, өнімдері бойынша презентациялық материалдар көр­сетті. Сол өндірушілер жайлы толығырақ ақпаратты келтіріп өтейік.
HOVID BERHAD компаниясы. Ресми өкілі – Николас Тхам.
Компания Малайзия нары­ғында 50 жылдан артық уақыт жұмыс жасап келе жатқан фарма­цевтикалық дәрі-дәрмек­тер мен медициналық қосымшалардың жетекші өндірушісі. Ховидтың медициналық өнімдері GMP және PIC/s қатаң сапа стандарттарына сәйкес. Бүгінде компания әлемнің 50-ге жуық мемлекетіне 500-ге тарта өнім түрін экспорттайды, тағы 240 тауар түрі тіркелу кезеңін аяқтап қалды.
Қазақстанда эксклюзивт­і әріп­тес­тіктер мен компания өнім­деріне дистрибьютер бо­лар­­лық серіктестер іздейді.
Қазақ жұртында осылай тұсаукесерін өткізіп отыр­ған ке­лесі компания KOTRAP­HARMA(M) SDN. BHD. Рес­ми өкілі – Николас Йо Сью Теонг.
Бұл компанияның базалық зауыты Малайзияда. Ол елдің аса ірі фармацевтикалық тауар өндірушісі болып табылады. 30 жылдық еңбек тәжірбиесіне ие компания 30 мемлекетке қызметін көрсететіп келеді. Котрафарма цефалоспоринді антибиотиктерге, дермологиялық күтімге педиатрлық және емдік дәрі-дәрмек өндірісіне ма­манданған.
Қазақстанда импорт саласында тәжірбиесі бар жергілікті дистрибьютермен әріптестік қалыптастырып, жергілікті сау­да персоналы арқылы маркетинг жүргізуді көздейді.
ISCO INSTANT жаңа әрі қар­қынды даму үстіндегі компа­ния. Компания өзінің ресми өкілі Мохаммед Хегази арқылы медициналық биа­лай өндірісіндегі жоғары сапалы өнімдерін қол­же­тімді бағада ұсынады. Басты мақсаты «Малайзияда жасалған» меди­ци­налық және хирур­гиялық биялайлар өндірі­сін өрістету.
IDEAL HEALTH CARE SDN.BHD компаниясы туралы да айта кетейік. Ресми өкілі Хаминуддин Бин Хаджи Абдул Хамид.
Компания медициналық жал­қыкәделік өнімдерді шы­ғарумен айналысады. Атап айтқанда – сүмбілеулер (кататерлер), медициналық желілер, қан құю құралдары, инелер, процедуралық материалдар.
Басты мүддесі медициналық өндірістің барлық саласын алға жылжыту және өз өкілдерінің Қазақстанда тұрақты жұмыс жасауы. UOPHARMA (M) SDN. BHD компаниясы. Ресми өкілі Ариффин Абидин. Компания нарықтағы фармацевтикалық өнімдерді дайындайды, өндіреді және сатады.
Қазақстанда жаңа және ықти­малды әріптестер мен дистрибьюторларды іздестіреді.
AIN MEDICARE SDN. BHD компаниясы. Ресми өкілі –Мохамад Ридзуан Ахмад.
Компания тамыр ішілік инфузия, микробқа қарсы инфузия, көзге арналған тамшылар, тазалық ерітінділері секілді за­лал­сыздандырғыш тазалық өнім­дерінің өндірісімен айналысады.
Қазақстандағы мүддесі ма­лайзиялық фармацевтикалық өнімдерді таныстыру, Қазақ­станмен ықтимал әріптес­тіктің мүмкіндіктерін қарастыру мен саралау.
UWC HEALTHCARE MFG (M) SDN. BHD компаниясы. Ресми өкілі –Джейсон Нг Чик Айк.
Компания жалқыкәделік ал­дын ала толтырылған дым­қыл­датқыштарды өндіреді. Ал­дын ала толтырылған дым­қыл­датқыштар оттегіні жеткізу терапиясында қолда­ны­ла­ды. Мақсаты – Қазақ­стан­ға жалқыкәделік алдын ала тол­тырылған дым­қыл­дат­қыш­тарды экспорт­таудың оңтайлы жолдарын іздестіру
KCK PHARMACEUTICAL INDUSTRIES SDN. BHD компаниясы. Ресми өкілі – Райар Соуримутху.
Өндірістік бағыты фармацев­тикалық өнім өндірісі.
Қазақстанда көздейтіні –тұтынушыларды, сауда агенттері мен дистрибьюторларды табу. Олармен тұрақты байланыс орнату.
YTY INDUSTRY SDN BHD компаниясы. Ресми өкілі –Аквалджит Синг.
Кәсіпорын нитрильді жалқы­кәделік биялай өндірі­сімен айналысады.
Malay­sia Healthcare Travel Council – Малайзия денсаулық сақтау министрлігінің қара­ма­ғындағы агенттік. Малайзия денсаулық туризмін дамытумен, әріптестікті кеңейтумен айна­лысады.
Төрткен ҚЫЗЫЛЖАРОВ.

Жауап қалдыру