Брюссельде полиция мен «сары жилеттер» арасында қақтығыс болды

0
40

Бельгия астанасында «сары жилеттер» қозғалысы ереуілшілері мен полиция арасында қақтығыс болып, 100-ден астам адам тұтқынға алынды.
Сенбі күні сары кеудеше киген 500-ге тарта адам Брюссель орталығында ере­уілге шықты. Наразылық таны­тушылар Еуропалық одақ мекемелеріне бармақ болды, алайда мыңға жуық тәртіп сақшысы олар­ды жібер­меді. Кейбір ашулы ереуілшілер тіпті полицей­лер­мен жаға жыртысып, оларға тас және шөлмек лақ­тырған. Ал тәртіп сақшы­ла­ры оған жауап ретінде суатқыш пен арнайы құрал­дарды пайдаланды. Поли­цияның мәліметінше, бүгінге дейін 100-ге тарта адам тұтқындалған. Бірақ бұл көрсеткіш уақыт өте келе ұлғая беретін сыңайлы.
Жергілікті БАҚ-тың жа­зуынша, «Сары жилет­тер» елдегі бірқатар автома­гистральдарды да жауып тастаған. Айта кету керек, «Са­ры жилеттер» наразы­лы­ғының себептері анық емес, бірақ олардың талап­тары жанармай бағасы мәсе­ле­сінің шеңберінен шығып кеткен. Олардың әлеумет­тік желіде жариялан­ған талаптары әрқилы: жала­қыны өсіру мен салықты төмен­детуден бастап қоғам­дық көлік жұмысын реттеу мен үкіметтің доғарысқа ке­туіне дейін жалғасқан. Қазіргі таңда «Сары жилеттер» деп аталатын шеру Франция мен Бельгияда орын алып отыр.

 

Жауап қалдыру