Бразилияның экс-президенті сотталмақ

0
93

Бразилияның жемқорлық бойынша айыпталған бұрынғы президенті Луис Инасиу Лула да Силва сейсенбі күні өзіне қатысты шыққан үкімге шағым білдірді.
Оның қорғаушылары үкімдегі 5 терминде қарама-қайшылыққа әкелетін 16 түсініксіз жайттың бар екендігін алға тартты. Осы­ған байланысты қорғаушылар 24 қаң­тар­да қамауға алу туралы шыққан үкім­нің ешқандай күші жоқ екендігін айтып, айыпталушының ақталуын талап етіп отыр. Егер екінші инстанция соты шағымды қабылдамаса, экс-президенттің ісі сотталу­шыны қамауға алуға рұқсат беретін бірінші инстанция сотына қайтарылады. Мұндай жағдайда Лула да Силва түрмеге қамалған Бразилияның ең алғашқы экс-президенті болмақ. Лула да Силва сотталған жағдайда федералдық сот оны 9 жылдан 12 жылға дейін жазаға кесіп, сайлауға түсу құқығынан айыра алады. Бұрынғы басшы қанша айыпталып жатса да, елдегі қазан айында өткелі жатқан президент сайлауына үміткер­лердің алғашқы қатарында тұр.

Жауап қалдыру