Боливиялықтар ереуілге шықты

0
68

Боливияда 150-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жандар шеру ұйымдастырды. Үкімет тарапынан төленетін жәрдемақыға көңілі толмаған мүгедектер арбаларына отырып, Кочабамбадан Ла-Пас қаласының алаңдарында назазылықтарын білдіруде.
Осы әрекеттері арқылы олар билік басындағылардың назарын аударып, жылына төленетін 144 АҚШ дол­ларының орнына айына 72 доллар жәрдемақы төлеуді талап етті. Бұған дейін билік мүге­дектердің бұл талабы орындал­майтынын кесіп айт­қан болатын. Ал жергілікті арналар елдегі мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлінген қаржының екі мақсатқа жұмсалатынын жариялаған. Оның жартысы сол жандарға жәрдемақы ретінде төленсе, қалғаны олардың өмірін жақсартуға арналған жоба­ларға беріледі. Ал ереуіл­шілер бұл жобалардың көк тиын пайдасы жоқ екенін айтады. Сондықтан өз талап­тары орындалмайынша, алған беттерінен қайтпайтын түрі бар.

Жауап қалдыру