«Боко Харам» атауын өзгертті

0
84

Африкадағы ірі лаңкестік ұйымдардың бірі «Боко Харам» атауын өз­гертті. Бұдан былай ол «Ислам мемлекетінің» ба­тыс­афри­ка­лық провинциясы» деп аталады.
The Independent басы­лы­мы­ның хабарлауынша, лаң­кес­тік ұйым атауын өзгерте салысымен Карамга аралына шабуыл жасаған. Мұнда Нигер мем­лекеті қарулы күштерінің базасы орналасқан. 10 моторлы қайық­қа отырған содырлар сенбі кү­ні аралға келіп, әскерилерге қа­рата оқ жаудырғаны белгілі болып отыр. Қанша адам қаза тап­қаны айтылмаса да қарулы күш­тер­дің әжептәуір зардап шек­кен­дігі белгілі.
Топ жетекшісі Әбубәкір Шекау наурыз айының басында «Ислам мемлекеті» ұйы­мы­ның басшыларына серт беріп, бірге жұмыс істесетінін айтқан болатын. Ал, жаңа атау алғандарын олар енді жариялап отыр.
Айта кетейік, «Боко Харам» 2002 жылы Батыс Африкада құ­рыл­ған. Олар бүкіл құрлықта ислами мемлекет құрып, шариғат заң­дарын енгізуді мақсат етеді.

Жауап қалдыру