Бірнеше ел азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынды

0
27

АҚШ президенті Дональд Трамп тағы үш елдің азаматтарына Америкаға кіруге тыйым салды. Қара тізімге Венесуэла, КХДР және Чад мемлекеттері қосылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
АҚШ-қа кіруді шектеу шараларының қатаңдатылғаны туралы Ақ үй басшысының мәлімдемесінде айтылды.
Венесуэла, КХДР және Чад азаматтарына салынған тыйым 18 қазаннан бастап күшіне енеді. Иран, Йемен, Либия, Сирия және Сомали сол күйі қара тізімде қалған, ал Судан тізімнен алынып тасталды.
Сондай-ақ, Америка тұрғын­дарымен байланысы бары дәлел­денген азаматтарға қатыс­ты шектеу шаралары қатаң­датылмақ. Бұған қоса, жеті мемлекеттің азаматтарына им­миграциялық және басқа да виза бойынша кіруге тыйым салынған.
Жарлықта айтылғандай, Венесуэланың бірқатар меке­месінің мемлекеттік шенеуніктері, олардың отбасыларының мүшелері, бизнес-виза мен туристік визасы барлар АҚШ-қа кіре алмайды. Ал басқа категориялы виза иелері үшін қосымша шектеулер енгізілмек.

Жауап қалдыру