Белгиядағы лаңкестік әрекеттер сериясы

0
25

Сейсенбі күні таңертең Брюссельдің «Завентем» әуе­жайында екі жарылыс болды. Бұдан бір сағаттан кейін қала орталығындағы «Маэльбек» метро стансасындағы вагонда тағы бір жарылыс жасалды. Лаңкестік оқиға салдарынан 31 адам қаза тауып, 300-ге жуық адам жарақаттанған. Ел билігі үш күнді аза тұту күні деп жариялады.
Бүгінде полиция қыз­мет­керлері Солтүстік вокзалы маңынан үш адамды ұстады. Сондай-ақ лаңкестік жасады делінген күдіктілердің суреті жарияланды. Олар әуежайдың бейнебақылау камерасына тү­сіп қалған. Бельгияның RTBF теле-радио компаниясының хабарлауынша, суреттегі қара киінген екеу – жанкештілер. Бомбаларды жарған жанкеш­тілер іздеуде болған ағайын­дылар болып шықты. Олар әуежайдың ұшу залында өздерін жарып жіберген. Ақ киімдегісін қазір полиция іздеуде, ол аман қалып, ізін жасырып үлгерген. Тергеу амал­дарының нәтижесінде поли­ция лаңкестерді әуежайға жеткізіп салған такси жүргі­зушісі берген ақпараттың арқа­сында Брюссель әуежайы мен Брюссельдің Скарбек коммунасындағы пәтерден жа­рыл­ғыш затты анықтап, оны істен шығарған. Алдын ала деректер бойынша, теракт­тар­ды ұйымдастырушы «Ис­лам мемлекеті» лаңкестік ұйымы болуы мүмкін.

Жауап қалдыру