Батыс елдері ГРУ-ды айыптады

0
19

АҚШ, Нидерланд пен Канада ресейлік әскери барлауды «бүкіл әлемге кибершабуыл жасады» деп айыптады.
АҚШ Әділет министрлігі «кибершабуыл жасаған» деп айыпталған жеті ресейліктің аты-жөнін жариялады: Алексей Моренец, Евгений Серебряков, Иван Ермаков, Артем Малышев, Дмитрий Бадин, Олег Сотников және Алексей Минин. Бұлардың бәрі бұрын ГРУ (Бас барлау басқармасы) деп аталған Ресей әскери барлауының қызметкерлері делінеді.
Моренец, Серебряков, Сот­ников пен Минин биыл сәуірде Гаагадағы Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйымның штаб-пәтеріне хакерлік ша­буыл жасамақ болған деген кү­дікпен ұсталып, Нидер­ланд билігі оларды елден шығарған.
Ал Ермаков, Малышев пен Бадинге АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллер «2016 жылғы АҚШ президенті сайлауына араласты» деген айып таққан.
Ресейліктер Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікке, Пенсильваниядағы атом электр станциясына және Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйым дерекқорына хакерлік шабуыл жасамақ болған деген күдікке іліккен.

Жауап қалдыру