Батыс елдері экстремизммен күресте жеңіліс табуда

0
18

Ғалымдар Ұлыбритания жә­не Батыстың басқа да бірқатар мемлекеттері желідегі экстремизммен күресте арт­та қалып келеді деп санайды.
Digitalis сараптамалық ком­паниясының Дін және геополитика орталығының сарапшылары экстремистік мазмұндағы контент желіде күн сайын артып келе жатқанын анықтаған. Ғалымдар Ұлыбританияның желі­де экстремизмді насихаттайтын мәліметтермен күресі жалпы осы сарынды контенттің тек 5 пайызын ғана қамтығанын айтады. Мәселен, адамдар интернеттен «кәпір» немесе «дінге сенбейтін адам» деп іздесе, олар міндетті түрде зорлық-зомбылықты ашық сипаттамаса да, соған бастайтын «жеңіл-желпі» контентке тап болады. Одан бөлек іздеу кезінде демократиялық жүйені құлатып, халифат құруға шақыратын ақпараттар да жиі кездеседі. Бұдан кейінгі сатыда оқырман одан да қатыгез, мұсылман емес адамдарды өлтіруге шақы­ратын ақпараттарға тап болады. Мамандардың пікірінше, адамдар тек әлеуметтік желілерде ғана радикалданбайтын болған. Бұған дейін осылай саналып келсе, қазір бұл үрдіс ғаламтордан ақпарат іздеу барысында да жүзеге асады.

 

Жауап қалдыру