БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі қызметінен кетті

0
28

БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура қараша айында қызметінен кететінін айтты.
Сирияның, Ресейдің және Иранның күштері өңірдің басым бөлігін өз иеліктеріне алған соң, 7 жылдан бері басылмай келе жатқан тайталасқа нүкте қою келісіміне жету мүмкін болмай қалды. Дегенмен Сирия бойынша арнайы өкілдікті 4 жылдан бері атқарып келе жатқан дипломат «жеке себептерге» байланысты кетіп жатқандығын айтты.
Де Мистура қызметін басқа адамға тапсырғанша бұрынғыдай істей беретінін, Сирияның барлық саяси күштерінің жаңа ұсыныстары енгізілген Конституциялық кеңес құруға ықпал етуге тырысатынын жеткізді.
Бұған дейін БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі БҰҰ-ның экс-басшысы Кофи Аннан мен алжирлік ардагер дипломат Лахдар Брахими болған. Екеуі де елдегі соғысты тоқтата алмағандары үшін қызметтерінен кеткен болатын.

 

Жауап қалдыру