БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі тиімсіз бе?

0
15

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымдық проблемаларын мойындап, қырғи-қабақ соғыстың қайта келгенін мәлімдеді. Гутерриш SVT телеарнасына берген сұхбатында әлемдік державалар қайтадан қырғи-қабақ соғыс жағдайында екенін атап өтті. Бірақ ондағы бірден-бір айырмашылық, қазір АҚШ пен Ресей бұрынғыдай барлық одақтастарына бақылау жасамайды. Сондықтан Таяу Шығыс аймағындағы Түркия, Иран, Сауд Арабиясы және басқа елдер белсенділік танытуда.
БҰҰ Бас Хатшысының ай­туынша, егер бұрынғы қыр­ғи-қабақ соғыс кезінде диалог пен бақылау жағдай­лары болса, енді қазір бұл механизмдер жоқ. Мұндай келіспеушіліктер кезінде Си­рия мәселесі шешілмейді, деп мәлімдеді Антонио Гу­тер­­риш.
Ол сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымдық проб­лемалары туралы мәлім­деп, бұл органның бұрын­ғыдай әлемдегі күштердің балан­сын көрсет­пейтінін және за­манауи шындыққа жа­нас­пай­тынын айтты. Оған қоса ол, кейбір елдер­дің вето құ­қығын асыра пай­да­лана­тынын мәлім­деді.
Сонымен қатар, Бас хат­шы Қауіпсіздік Кеңесінің жұмы­сына өзгерістер енгіз­бей, толық реформаны жү­зе­ге асыру мүмкін емес екенін және Біріккен Ұлттар Ұйы­мының Сириядағы қақ­тығыстың шешілмеуін мо­йын­дағанын атап өтті.

Жауап қалдыру