БҰҰ Үнденезияға 50,5 млн доллар көмек бермек

0
28

БҰҰ Үнденезиядағы табиғат апатынан зардап шеккендерге көмек көрсететін жоспар әзірледі. Жоспардың жалпы құны 50,5 млн доллар. Жария етілген көмек жоспары 191 мың адамға үш ай бойы үздіксіз көмек көрсетуді көздейді.
Аталған жоспар Үнденезия үкіметімен бірлесіп әзірлен­ген. Бұл туралы Женева­да өткен жиында БҰҰ гума­нитарлық мәселелер бо­йын­ша басқармасының өкілі Йенс Лэрке айтты. Айта кетейік, 28 қыркүйек, жұма күні Үнденезияның Орталық Сула­веси провинциясында екі рет жер сілкінді. Оның біре­уінде жер сілкінісінің қуаты 7,4 балға жетті. Жер сілкінісінен кейін провин­цияның орталығы саналатын Палу қаласында биіктігі 2 метрлік күшті цунами болған еді.
Жер сілкінісі мен цунами салдарынан қаза тапқандар саны 1,5 мың адамнан асты. Соңғы деректерге қарағанда, қаза тапқандар саны 1 581 адамға жетіп, 2 500 адам жарақат алған.

Жауап қалдыру