Автомобиль жолдары біріктірілмек

0
29

28 маусым, бейсенбі күні Оңтүстік Корея мен КХДР шекара арқылы өтетін автомобиль жолдарын біріктіру мәселесіне арналған келіссөздерді бастады.
Корей түбегінде жылымық кезеңнің орнауына орай жүргізіліп жатқан келіс­сөздер келешекте Пхеньян­нан Сеулге дейін ешқандай ке­дергісіз көлікпен жетуге мүмкіндік береді. Кездесу Пхеньян уақытымен сағат 10-да Пханмунджом шекара бекетінде басталды. Та­рап­­тар Оңтүстік Корея және КХДР басшыларының 27 сәуірдегі саммитте қол жеткізген келісімдері аясын­да трансшекаралық жол­дар­ды жаңғырту және үй­лестіру жолдарын талқы­лайды.
Атап айтқанда, 19 кило­метрлік автомобиль жолын салу мәселесі талқыланады. Ол құрылыс жұмыстары аяқталған соң Сеул мен Пхеньянды біріктіреді. Рес­ми Сеул мен Пхеньян аталған жол учаскесінің құры­лысын 2015 жылы да талқылаған болатын. Алай­да 2016 жылдың басын­да КХДР төртінші ядро сынағын өткізгеннен соң сол жоспарлар құрдымға кеткен. Тараптар инфрақұрылым түбектегі қарым-қатынас­тарды жақсартуға ықпал етеді деп үміт артып отыр.

 

Жауап қалдыру