Қатаң үнемдеу шаралары

0
31

Грекия парламенті сенбіге қараған түні қатаң үнемдеу шаралары үшін дауыс берді.
Оны қабылдау 86 миллиард еуро көлеміндегі көмектің үшінші бағдарламасы бойынша қарыз берушілермен жасасқан келісімде қарастырылған, деп хабарлады. Бұл шараларды парламент мақұлдамаса, Гре­кияның реформалар бағдар­ламаларын орындауына алғаш­қы бағалау жүргізу және грек экономикасына несие беру мүмкін болмас еді. Кезекті транш 2 миллиард еуроны құрауы тиіс. «Экономикалық мақсаттар мен құрылымдық реформалар жөніндегі келісімді жүзеге асыру шаралары туралы» Заң СИРИЗА және АНЭЛ коалицияларының 154 депутатының мақұлдауымен қабылданды. Коалицияда бар­лығы 155 дауыс.

Жауап қалдыру